Сіздерді бүкіл ел үшін маңызды күн, Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймыз! Мемлекетімізге өркендеу тілей отырып, әрқайсыңызға амандық, дендеріңізге саулық және бейбіт аспан тілейміз. Сонымен қатар, мереке қарсаңында келесі нотариустар марапаттарға ие болды: Көптлеуов Нұрлыбек Қуанышбайұлы «Қазақстанның заңгерлер одағы» РҚБ орталық кеңесінің шешімімен «Қазақстанның құрметті заңгері» атағына ие болды. Юсупова Элляхан Хасенқызы Республика күнін мерекелеуге орай, Ақтөбе облысы әділет департаменті басшысының атынан Алғыс хатпен марапатталды.